Маңғыстауда биыл 17 инвестициялық жоба іске асады
Курс валют в Актау
на 05/08/2020
 
417.44
422.21
 
491.55
497.32
 
5.61
5.85
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
5 Августа, 13:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда биыл 17 инвестициялық жоба іске асады

13 Февраля 2020 (09:44) | 510 | Автор: Нурганым Имашева

2020 жылы экономиканың түрлі салаларында 111,0 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде, 1200-ден астам жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймақ тұрғындары алдында есеп беруінде мәлімдеді.

 

 

2020 жылға жоспарланған ең маңызды жобалар бұл:

 

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 30 мекеме, оның ішінде 1 трансұлттық компанияны (Тенарис) қоса алғанда, шетелдік капиталдың қатысуымен 10 компания тіркелген. Бүгінгі күні аталған аумақта 1500-ден астам жұмыс орны құрылған. 18 кәсіпорын жұмыс істейді.

 

2019 жылы «Satex Chemie» ЖШС – битум эмульсиясы негізінде гидро оқшаулағыш материалдар өндіру жобасы іске қосылды.

 

2020 жылға жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгеге 247 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар:

 

Инвестиция көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында жыл басынан бері әлемнің 10-нан астам елінен, Ұлыбритания, Қытай, Германия, БАӘ, Швейцария, Италия, Франция, Түркменстан, Ресей және т.б. елдерінен әлеуетті инвесторлар мен кездесулер өткізіліп, онда инвесторлар энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым және т. б. сияқты экономика салаларындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

 

2019 жылдың 17-18 мамырында «Астана экономикалық форумы» аясында Маңғыстау облысы «Астананың халықаралық қаржы орталығымен» бірлесіп «Global Silk Road Mangystau invest 2019» халықаралық инвестициялық форумын өткізді. Оның барысында Астананың халықаралық қаржы орталығы мен халықаралық құқық қағидаттарында инвесторлармен жұмыс жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды.

 

 

Форум қорытындысы бойынша инвесторлармен Маңғыстау облысында 2,2 млрд. АҚШ доллар сомаға 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда:

 

- «Олефиндер мен метанол өндіретін зауыт салу»;

 

- «Логистикалық орталықтың құрылысы»;

 

- «Бескемпір кен орны базасында шойын зауытын салу»;

 

- «Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін салу».

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

 

Суреттерді түсіргенқоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему