«TENIZ-2018» халықаралық жаттығуы бойынша Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының 2- кездесуі өтті
28 Мая 2018 (09:30) | 2030 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 2018 жылдың 24-і мен 25-аралығында «TENIZ-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығуына дайындық шеңберінде Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының 2- кездесуі өтті.
Жұмыс кеңесіне Қазақстан, Ресей, және Әзірбайжан төтенше ведомстволарының өкілдері, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі және шекара қызметтерінің өкілдері, теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен компаниялар қатысты.
Кеңесте қатысушыларға оқу-жаттығудың мәнісі, Каспий маңы мемлекеттерінің күштері мен құралдары санын анықтаумен құтқару бөлімшелерінің практикалық іс-әрекеті түсіндірілді, ТЖ қаупі және болған кездегі туралы ақпарат алмасу және құлақтандыруды ұйымдастыру сұрақтары қаралды.
Практикалық іс-шаралар өткізу орны анықталды және бекітілді. Оқу-жаттығуда теңізде төтенше жағдайларды жою, теңіз кемелерінде өрт сөндіру, төгілген мұнай қалдықтарын жинау және жою, зардап шеккендерді құтқару бойынша бірлескен іс-әрекеті жүргізіледі.
-Кедендік және шекара қызметтері мамандарымен каспий маңы мемлекеттерінің өкілдеріне кедендік және шекараны өту ерекшеліктері түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша оқу-жаттығуды өткізу ағымдағы жылы тамыздың бірінші онкүндігіне жоспарланды,-деп хабарлады осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему