Жаңаөзен қаласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің ахуалы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің ахуалы

30 Октября 2019 (13:04) | 2030 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 128,9 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0 млрд.теңгеге өсті. (2018ж. қаңтар-тамыз айларында 121,9 млрд.теңге).

 

 

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 98,3% құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, өнеркәсіптің басқа салалары бойынша төмендеп отыр. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді. «Өндіріс саласындағы техникалық қызмет көрсету жұмыс көлемінің өткен жылға қарағанда төмендеу себебі:«ӨзенМұнайГаз» АҚ-на техникалық қызмет көрсететін «Бұрғылау» ЖШС-і арқылы көрсетілген техникалық қызметтер 01.09.2019 жыл кезеңіне 28,0 млрд.теңгені құраса, ал 01.09.2018 жыл кезеңіне – 30,0 млрд.теңге болған, яғни 2,0 млрд.теңгеге азайып отыр. Бұдан басқа табиғи газ өндірудің азаюынан негізгі капиталға салынған инвестиция (НКИ) азайып отыр (табиғи газ өндіру - 174,1 млн.текше метр болып, 16,1 млн. текше метрге төмендеді, 01.09.2018ж - 190,2млн.текше метр).

 

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 25,9 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1 млрд.теңгеге немесе 16,9%-ға азайып отыр (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 30,0 млрд.теңге). Төмендеу себебі: жеке тұрғын үй құрылысына салынған ивестиция көлемі 2019 жылдың 6 айында 6,0 млрд.теңгені құраса (455 үй), 2018 жылдың 6 айында 11,0 млрд.теңге болған (665 үй), яғни 5,0 млрд.теңгеге (210 үй) азайып отыр. Бұдан басқа 2018 жылы 900 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізілген болатын, құны – 4,5 млрд.теңге және «ОралМұнайПром» ЖШС тарапынан 3,0 млрд.теңгеге электрстанциясын салды»,- деді қала әкімі.

 

Мақсат Оңғарбайұлының мәлімдеуінше, «Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 80,6 мың шаршы метрді құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 82,0% құрады (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 98,2 мың шаршы метр). Төмендеу себебі: Жаңаөзен қаласында жеке тұрғын үйлерге арналған жел телімдері 2010 жылдан бастап бөлінбеген. 2010 жылға дейін берілген жер телімдерінің қабылдау актілері тіркеліп болған. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдарда тұрғын үй құрылысы салынып, бірақ қабылдау актісі рәсімделмеген тұрғын үйлерге ескерту беріліп, жұмыстар жалғасын табуда.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,763 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 97,0%-ды құрады (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 9,762 млрд.теңге болды). Құрылыс жұмыстарының өткен жылға қарағанда 1,0 млн.теңгеге жоғары болғанымен, НКИ төмендеуі тұтыну бағасының жоғарылауынан болып отыр (103,3%-дан 103,6%-ға өсті).

 

Инженерлік – инфрақұрылымдары ауыз сумен, электр жарығымен және көгілдір отынмен (газ) толықтай қамтамасыз етілген.

 

 

Фотоны ұсынған өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему