Меморандумға қол қойылды
17 Января 2020 (12:47) | 1705 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы мен Маңғыстаудағы ірі волонтерлік ұйым өкілдерімен өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласын дамыту және волонтерлік қызметті жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта коммуникация орталығы волонтерлар жылы аясында атқарылатын шараларды ақпараттандыруға қолдау көрсетеді.
Нақтырақ айтқанда, Қоғамдық коммуникация орталығы - «Бекен» жас көшбасшылар достастығы» қоғамдық қорының басшысымен, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының жетекшісімен және «Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының өкілімен келісімге қол қойылды.
Суретті түсірген Қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему