Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы НұрОтан партиясының филиалында қала тұрғындарын қабылдады
29 Ноября 2018 (10:46) | 2927 | Автор: Нурганым Имашева
Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы Токбаев Бауыржан Калмуханұлы НұрОтан партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Худибаев Нурбергенмен бірлескен отырыс барысында қала тұрғындарының мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Кездесу барысында қала тұрғындарының басым көпшілігінен туындаған сұрақтар алимент өндіру туралы мәселесімен келген. Төраға тұрғындарды толғандырған сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға нақты жауаптарын жете түсіндіріп, егерде мекеменің іс-әрекеттерін заңсыз деп тұжырымдаған жағдайда, олардың сотқа талап арыз, арыздар арқылы жүгінуге болатынын, алайда дауды сотқа жеткізбей, бітімгершілікпен шешудің маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, үйге мұрагерлік туралы сұрағымен жүгінген тұрғын барлық сұрақтарына толық жауаппен қанағаттандырылды.
Кездесу барысында сот төрағасы «Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасы аясында «сотсыз татуласу орталығы» бағдарламасы барысында қалалық сотта медиация кабинетінің ашылғанын, кесте бойынша кәсіби медиаторлардың жұмыс жасайтынын және «Сот кабинеті» сервисі қызметінің тиімділігі туралы айтып өтті. «Медиация туралы» Заңды қолданудың тиімділігін айта келіп, дауды бітімгершілікпен шешудің маңыздылығын баяндап өтті.
«Е-сот» жобасы аясында сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы сапалы нәтиже екенін, тұрғындардың уақытын және материалдық ресурстарын үнемдейтінін, Жаңаөзен қаласының аумағынан шалғай орналасқан Теңге, Қызылсай елдімекендерінің тұрғындарына қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында сол ауылдардың әкімшілігінде орнатылған байланыс арқылы сот отырысына қатыса алатындығын тұрғындардың назарына жеткізді.
Б.Токбаев өз сөзінде сот саласында цифрландыру жұмыстары тоқталып қалмай, одан әрі күрделі түрде дамитынына түсінік берді.
Кездесуге қатысқан тұрғындар сот жүйесінің жаңалықтарымен бөліскен сот төрағасына деген ризашылықтарын білдірді.
Бұл туралы біздің басылымға Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему