«Кәсіп түбі-нәсіп» жобасының шарапаты мол
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 08:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Кәсіп түбі-нәсіп» жобасының шарапаты мол

29 Октября 2019 (16:31) | 735 | Автор: Редакция

Жаңаөзендік кәсіпкер Болат Туланов ойға алған кәсібін іске қоса алмай жүрген іскерлердің бірі. Қатты қалдықтарды қайта өңдеп, құрылыс материалдарын жасайтын шеберханасын ашуға қаражаты да, заңдық сауаты да жетіңкіремеді. Шаһарда жақында басталған «Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы бизнес идеясын қайта қолға алып, арманын іске асыруға серпін берді.

 

 

«Жаңа жобаның жұмыс тобымен кездестім. Олар маған кеңестерін беріп, қаржы алуым үшін микро несиелендіруге құжат тапсырдым. Көптен бері қалай қадам жасауды білмей жүргенде, осындай сәтті жобаның ьіздің қаламызға келіп, жүзеге асуы біз сияқты кәсіпкерлерге үміт сыйлады. Кәсіпкерге қажетті кеңестерді пайдаланып, кәсібімді жақын арада ашпақпын»,- деп қуана жауап берді Болат Туланов.

 

Жаңа жобаның Жаңаөзен қаласында жүзеге асқанына да үш апта болды. Осы аралықта көптеген ілкімді шаралар қолға алынды. Жаңаөзен шаһары мен оған жақын орналасқан елді мекендерге, сауда орталықтарына, базарларға көшпелі жұмыс тобы 10 шақты рет барды. Ірі кәсіпорындарда ұжыммен кездесулер өтті. Мұнайлы қаладағы колледждерде студенттермен жеке тұлғаны дамыту бағытында бірқатар курстар ұйымдастырылды.

 

 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директор-жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиевтің айтуынша, қазір Жаңаөзен қаласында 12 мыңға жуық жұмыссыз бар. 160 мың тұрғыны бар қалада ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек. Мұнай өндіруші моноқалада автоматтандыру заман талабына сай іске асады. Сонда жұмыссыздық белең алып кетпеуі керек. Халықтың жеке кәсібі, қайта мамандық алу мүмкіндігі болуы қажет. Осында жинақталған ұсыныстар мен тұжырымдар Үкімет деңгейінде қарастырылатын болады.

 

«Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы аясында бір айда 2200 кәсіпкерге кәсіби мамандар кеңес беріп, мәселесін шешу жоспарланып отыр. Әсіресе, іскерлер көп тұйыққа тірелетін екінші деңгейлі банктермен қаржылық мәселелер, кәсіпкерлер құқығын қорғау сынды жайттарды сүйемелдеу жалғасуда. Қаладағы кәсіби білім беретін арнайы оқу орындары нарыққа қажетті мамандар дайындап жатыр ма? деген сауал да зерттеледі. 9-11 сынып оқушыларына «Кәсіби бағдарлау» бағдарламасы бойынша 2800 оқушымен жұмыс жүргізіліп, жергілікті жастарға мұнай саласымен шектелмей, қоғамға қажетті басқа да саланы көтеру туралы ақпараттандыру жұмыстары қолға алынды. Жастар жылы аясында жас жеткіншектер мен кәсіпкерлерді курстар мен тренингтерге қатыстырып, қайтарымсыз грант, шағын несиелер алу мүмкіндігін туғызу бағытында да қарқынды шаралар жүзеге асуда.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, «Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы 7 қазанда басталды. Оны жүзеге асыру жыл соңына дейін жалғасады. Жоба барысында: Мемлекеттік қолдау бағдарламалары; Маркетолог қызметі; Заң қызметтері;

 

Ауылшаруашылығы саласы; Мемлекеттік және жеке-меншік (электронды) сатып алулар; Кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстар; Бизнесті қаржыландыру тетіктері. "Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, ««Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ мамандары кеңес береді.

 

 

Тегін кеңес алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 1 «а» кеңсе, АХАЖ ғимараты, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалы. Байланыс орталығы- 1432 (қоңырау тегін), 8-72934-59659

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему