Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміне Шетпе тұрғыны алғыс білдірді
25 Января 2019 (11:58) | 2505 | Автор: Нурганым Имашева
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса дәрігер қызметіне жүгінетініміз рас. Ақ халатты абзал жандардан шипа тауып, балалары өлім аузынан аман қалған ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, аурухана ұжымына үнемі алғыстарын айтып жатады. Сондай ізгі тілекті Шетпе кентінің тұрғыны Жанира Бекболатова жолдапты.
Жанираның айтуынша, қызы Арайлым Ғаділбекқызының өкпесінде киста бары анықталып, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Аурухананың хирургия бөлімінің қызметкерлері Арайлымға шұғыл түрде ота жасап, ажал аузынан аман алып қалған.
-Бауыр етің балаң науқастанғанда кез-келген ата-ана жанын беруге дайын болатыны анық. Бір Алладан соның амандығын сұрап, жалбарынады. Құдіретті күшті Жаратушының жіберген «құтқарушы періштелері» деп мен қызым науқастанған кезде дер кезінде ота жасап, аяққа тұрғызған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің ұжымы деп білемін.
Дәрігерлер қызымның өкпесінде киста (диагноз: эхинококковая киста правого легкого) екенін анықтап, шұғыл ота жасау керектігін айтқанда біраз уайымдадық. Ақылдаса келе Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігері, хирургия бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Тумашев мырзаға алып келдік. Өйткені, қызым екі жасында дисплазия диагнозымен ауырған кезде Сұлтанбек Мейірханұлы ота жасаттырмай, гипстің көмегімен екі аяғын түзу бастыртты. Сол кезде дәрігердің мықты маман екендігіне көзім жетіп, ризашылығымды білдірген болатынмын. Бұл жолы да қызыма отаны өзі жасап, аяққа тұрғызып берді.
Сұлтанбек Мейірханұлы бастаған оыс бөлімнің кәсіби мамандары Таңбалы Әділбаева, Гүлнар Оразова, Айнұр Қосаяқова, Шолпан Нысанова, Гүлмира Алмамедоваға аналық алғыс айтып, ризашылығымды білдіремін. Ауруханаға жылап келіп едім, күліп шығып жатырмыз. Хирургия бөлімінің ұжымына сәттілік, еңбекте табыс, отбасыларына береке тілеймін. Алдарыңызға келген әр ауру жазылып шығып, алғыс айта берсін ,-дейді хат иесі Жанира Бекболатова.
Біздің басылымға бұл туралы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему