Сұйытылған газ қымбаттады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұйытылған газ қымбаттады

2 Мая 2017 (19:41) | 2548 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мамырдың бірінен бастап Маңғыстауда сұйытылған газ бағасы тағы 5 теңгеге қымбаттады. Қазір аймақтағы 101 жанармай бекетінде сұйық отынның литрі 40 теңгеден саудаланып жатыр. «Бұл уақытша жағдай»,-дейді жергілікті билік. Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, отын өндіру жартылай тоқтатылған. Осыған орай өңірде газ тапшылығы байқала бастады. Газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек.

Газ құю бекеттерінде кезекте тұрған көліктерде есеп жоқ. Жүргізушілер көліктеріне отын толтыру үшін сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

-Таңғы 9-дан бері тұрмыз. Газдың келгеніне 1 сағат болды, ол енді бастады газды құюды. Тұрамыз енді қашан бұйырады сол уақытқа дейін. Газдың үстінде тұрып ұят жағдай бұл. Қолдан жасай ма түсінбедік. Айта-айта Жамал апам қартайды деп, қартаятын болдық.

-Таңертең сегізден бері тұрмын, қарайған шаруамыздан қалдық. Алдыңғы бір жолы кезекте 4 сағат тұрдық. Енді келіп газ алайын деп жатсақ, газ бітіп жатыр.

-Міне, 2-3 күн болды. Газ жоқ. Бензинмен жүрміз. Кезекте тұрмыз. 40 теңге дейді. Не зат мынау? Сұмдық қой!

Кешелі бері өңірде сұйытылған газ тапшылығы айқын сезіле бастады. Кейбір жекеменшік жанармай бекеттерінде газ мүлде жоқ. Жабық тұр. Жергілікті билік мұны Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстарының басталғанымен түсіндіреді. Зауыт өнім өндіруді уақытша 2 мың тоннаға азайтқан. Ішкі нарықтың сұранысын толық жабу үшін қалған сұйық отын Ақтөбеден әкелінеді. Осыған орай, бүгіннен бастап кейбір газ құю бекеттерінде газ бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Облыстағы 101 газ құю бекетінде отынның бұл түрінің литрі 40 теңгеден сатылып жатыр.

ВЕНЕРА МҰСТАПАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-Біз кәсіпкерлермен сұйытылған газды орташа бағамен сату туралы келісімге келдік. Ақтау қаласының 36, Мұнайлының 56 және Түпқараған ауданының 9 кәсіпкері мамыр айында көлік отынының литрін Ақтөбеден 35 теңгеден әкеліп, 40 теңгеден сатады.

Сала мамандары бұл уақытша шара екендігін айтады. Зауыттағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң баға қалыпқа түсуі тиіс. Ал, отын тапшылығын түбегейлі шешу үшін облыс басшылары энергетика министрлігінен шикізат көзін көбейтіп, зауыт өндіретін өнім көлемін арттыруды сұрап отыр. Себебі, жүргізушілердің көгілдір отынға деген сұранысы күн санап еселенуде. Маңғыстауда көліктердің 70 пайызы сұйытылған газбен жүреді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему