Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйектен басталады
Курс валют в Актау
на 25/09/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
25 Сентября, 10:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйектен басталады

31 Августа 2023 (12:06) | 2500 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.
 
​
Спикердің айтуынша, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады:
 
• Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• Сыртқы саясат және инвестициялар;
• Экономикалық және қаржылық саясат;
• Цифрландыру;
• Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
 
​Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде.
 
- Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс. Кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша pkrezerv.gov.kz жарияланып, барлық азаматтар үшін қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады,- деді Тоқтамыс Жұмағұлов.
 
Атап өту керек,​ 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санның 75%-ы жұмысқа орналастырылған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему