Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы дәріс оқыды
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 05:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы дәріс оқыды

18 Марта 2019 (12:38) | 1580 | Автор: Нурганым Имашева

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің құқықтану кафедрасының студенттеріне Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы А.Бекболатов «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» атты тақырыпта дәріс оқыды.

 

 

Аталған дәріс татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша және дауларды соттан тыс шешудің басымдықтары туралы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге арналған татуластыру бойынша оқу орталығында өтті.

 

Дәріс барысында А.Бекболатов жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртiбi, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi туралы жан-жақты айтып өтті.

 

 

Сондай-ақ, ол жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жататындығын атап өтті.

 

Дәріс соңында судья соттардағы заманауи технологиялар, пилоттық жобалар, соттан тыс дауларды реттеу, экономикалық сотта жиі қаралатын істер туралы мағұлмат берді.

 

 

Сая Тулеуова,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

экономикалық сотының судьясы

 

Cуреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему