Игі істердің жаршысы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Игі істердің жаршысы

13 Июня 2017 (10:58) | 1842 | Автор: Нурганым Имашева

Мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам – қасиетті Рамазан айында күллі әлем өзгеше түрленіп, айнала мейірлене, адамдар бір-біріне ыстық ықылас, құрмет-ізет көрсетіп,кішіпейіл бола түседі. Бұл айда жақсылық жасауға асыққан жандар сөзсіз Алланың разылығына бөленеді. Ризығы артық жан аузы берік міскінге ауыз ашар беріп, сауабын алуға асығады.

 

 

Осындай жандардың бірі халық қалаулысы, «Алтынқұрық» ЖШС жол-құрылыс мекемесінің қаржылық директоры Қуаныш Әбдірахман. Ел арасында қайырымдылық ізгі істері белгілі, Қуаныш Спанұлы өзі басқаратын мекеменің қызметкерлеріне аз-кем қолайлы мүмкіндіктер жасап қойған. Мекеме жол-құрылыс саласында облыстың алдыңғы қатарлы ірі кәсіпорындарының бірі. Мекеменің тиісінше аталған салада тәжірибесі мол, жұмыс ауқымы үлкен.

 

Соған қарамастан, биылғыайлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында 160-қа жуық қызметкер еңбек ететін мекеменің 30 пайызы ауыз бекіткен. Құрылыстағы қиыншылықтарға мойымаған, 160 градустық асфальтты төсеп жүріп те аузы берік сала мамандары қандай да құрметке лайық. Қасиетті айдың құрметі үшін мекеме қызметкерлері арасында аузы берік азаматтардың жұмыс уақытын еңбек қатынастары заңы шеңберінде икемдеп, қысқартып қойған. Алайда жалақы мөлшері сол күйі қалып, керісінше, қосымша сыйақы беру жоспарланған.Мекеме қызметкерлеріне жыл сайын Рамазан айында ауыз ашар беру дәстүрге айналған.

 

 

Соның бірі 5-маусым күні қасиетті Рамазан айының құрметі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қызметкерлер арасында кеңінен түсіндіру мақсатында қызметкерлер үшін берілген ауыз ашар дастарханы болды. Оған «Бекет ата» мешітінің өкілі келіп, жиналғандарға қасиетті Рамазан айының артықшылықтары туралы уағыз айтып, көкейде сан сұрақ болған мәселелер туралы сауалдарға жауап берді. Мекеме басшысы Қ.Әбдірахман Елбасының мақаласында айтылған «рухани жаңғыру»мәселелеріне қысқаша тоқталып, ұлттық сана, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтау, туған жерге деген патриотизм бағытында түсініктеме берді.

 

 

Осы бағытта Қуаныш Спанұлы бұған дейін де 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қарақия ауданы Құрық селосындағы орталық мешітте ауыл тұрғындарына арнап ауыз ашар берді. Шараға аудан әкімі мен орынбасарлары, мекемелер басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, жалпы саны 70-ке жуық адам қатысқан болатын. Жиналған жамағат мешіт айналасын абаттандыруға байланысты облыс депутатына мәселе көтеріп, арыз-тілегін алға тартты. Өз кезегінде жамағат алдында сөз сөйлеген депутат Қ.С.Әбдірахман ауыл тұрғындарының арызын ескере отырып, орталық мешіттің кіреберісін абаттандыру мақсатында алаң салып беруге көмек көрсететіндігін айтты.

 

Бұл жағымды жаңалықты біздің басылымға газет оқырманы Серік Майемеров жолдаған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему