Бастауыш сынып ұстаздарының басын қосқан семинар
Курс валют в Актау
на 08/12/2019
 
385.7
387.06
 
425
429.63
 
5.96
6.11
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
8 Декабря, 01:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бастауыш сынып ұстаздарының басын қосқан семинар

28 Февраля 2019 (11:43) | 1095 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», – деген екен өз сөзінде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру реформа-ларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.

 

 

Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні айдан анық дүние. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Соның ішінде білімнің негізі – бастауышта. Бастауыш сынып – бұл оқушы тұлғасының қалыптасатын қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылады.

 

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Ел Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттігін арттыруда екені түсінікті. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілгені баршаға аян.

 

Осы ретте, Ақтау қаласындағы №20 М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар болып өткенін атап өтуге болады. Семинарға облысымыздағы қала, аудан мектептерінің алпысқа жуық бастауыш сынып ұстаздарының басын қосқан семинарға облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директорының орынбасары Жемісгүл Жұмабаева мен осы орталықтың бастауыш сынып әдіскері Жамила Тоғысова, қалалық білім бөлімі үйлестіру орталығының әдіскері Сәндігүл Махина қатысты.

 

Семинар барысында №20 мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері Тұрсынкүл Қосжанова мен Алмира Жалбырова «Мен сіздің әріптесіңізбін» тақырыбында тренинг өткізді. Бұдан соң, осы мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Райхан Серікова «Фф дыбысы мен әріпі» тақырыбында 1- сыныпта сауат ашу ашық сабағын, Эльмира Наренбаева математика пәнінен 1-сыныпта «Теңдеу» тақырыбында ашық сабақ, Тұрсынкүл Қосжанова мен Анар Халелова ағылшын тілі мен еңбек пәндерінен «Ою-өрнектер құрастыру» тақырыбында кіріктірілген сабағын, Орынгүл Салтанатова мен Сәнімхан Келджанова «Алғашқы ұстаз» тақырыбында 3- сыныпта кіріктірілген сабақ, Гүлжан Бөлекбаева мен Фариза Ердаулетова 2- сыныпта «Әріпті және санды өрнек» тақырыбында математика пәнінен командалық сабақты жан-жақты түсіндіріп өткізді.

 

Аталмыш мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Айгүл Өтепова мен Ақмарал Құбышева «Негізгі және туынды етістік» тақырыбында 3- сыныпта қазақ тілінен командалық сабақ, Тұрсын Ибраева 4-сыныпта «Туған жер киесі-дархан дарын иесі» , Шара Нұрғалиева «Салт-дәстүр – тәрбие негізі» тақырыптарында ашық сабақтар мен тәрбиелік мәні бар шаралар өткізсе, Айгүл Өтепова мен Санайым Алипова «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің ролі қандай?» деген тақырыпта семинарға қатысушылармен шеберлік сынып өткізіп, өзара тәжірибе алмасып, пікір алысты. Семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен, ашық сабақ өткізген ұстаздар марапатталды.

 

Семинарға қатысқан бастауыш сыныптың білікті ұстаздары мен жас мамандары коучингтен көптеген жаңалықтар мен әдіс-тәсілдерді үйренді.

 

 

Жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Соңғы жылдары елімізде білім беру саласын жаңғырту барысында маңызды қадамдар жасалуда.

 

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдылық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

 

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге , өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

 

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

 

Пернегүл ҚАРЖАУБАЕВА.

Ақтау қаласы,

№20 мектеп.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему