Абу-Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы Маңғыстаулық кәсіпкерлермен жұмыс істеуді жоспарлап отыр
14 Марта 2018 (09:27) | 1087
|
Автор: Нурганым Имашева
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының БАӘ-ге іссапары шеңберінде инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Абу-Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөз өтті. Тараптар екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға келісті және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, экономикалық әртараптандыру арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, Маңғыстау облысына шетел инвестицияларын, жаңа технологиялар мен ресурстарды тарту жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



