Маңғыстаулық көрермен назарына Уфа Мемлекеттік татар «Нұр» театрының қойылымы ұсынылды
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 08:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық көрермен назарына Уфа Мемлекеттік татар «Нұр» театрының қойылымы ұсынылды

16 Сентября 2018 (09:45) | 1123 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласында осыдан екі күн бұрын Каспий жағалауы елдерінің Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған II Халықаралық театр фестивалі шымылдығын түргені туралы көзі қырағы көрермен хабардар.

 

 

Бүгін фестиваль бағдарламасына сай, Уфа Мемлекеттік татар «Нұр» театры (Башқұртстан) Роланд Шиммельпфеннигтің (Режиссері: Байрас Ибрагимов) «Өткеннен келген әйел» драмасын сахналады.

 

Қойылым алдында Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық – драма театры директорының орынбасары, фестивальдің ұйымдастырушысы Тоқтамұрат Тілеу:

 

- Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық театр фестивалі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр І фестиваль Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналса, биылғы фестиваль ұлттық театр және кино өнерінің саңлағы Нұрмұхан Жантөрин атамыздың 90 жылдығына арналып отыр.

 

Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық театр фестивалі Маңғыстау облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙДЫҢ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) бастамасымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтуде.

 

Фестивальдің мақсаты - қазақтың ұлы актерінің рухына құрмет көрсете отырып, Каспий жағалауы елдері театрларының мәдени-рухани ынтымақтастығын арттыруға ықпал ету; театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру арқылы театр өнерін дамытуға үлес қосу; көрермендер назарын заманауи шығармашылық үдерістерге аудару болып табылады.

 

 

Фестивальге Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің кәсіби драма, музыкалық драма театрлары шақырылды.

 

Театрлар фестивальге репертуарындағы классикалық немесе ұлттық қойылыммен қатысуда.

 

Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық фестиваліне Иран, Әзірбайжан, Ресей, Түркменстан мен Қазақстаннан сегіз театр қатысып отыр, - деп мәлімдеді.

 

Бүгінгі Башқұрт елінің театры қойған қойылымға көрермендер көп келгені байқалды. Театрдың кіші залы қойылымды тамашалауға асыққан өнер сүйер қауымға лық толды.

 

Спектакль басталмас бұрын көрермен қауымға фестивальдің Қазылар алқасы таныстырылды. Қазылар алқасының төрағасы: АСАНӘЛІ ӘШІМОВ - Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі. Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

 

 

Қазылар алқасының мүшелері:

1. ЕСМҰХАН ОБАЕВ – режиссер, профессор. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кеңесшісі, Қазақстанның халық артисі, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» орденінің иегері, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының мүшесіАлматы, Қазақстан

 

2. ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ - Астана қаласы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық - драма театрының көркемдік жетекшісі, театр және кино режиссері, Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Ш. Айтматов атындағы Халықаралық сыйлығының иегері, профессор, драматургАстана, Қазақстан

 

3. ИСРАФИЛ ИСРАФИЛОВ – Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Филология ғылымдарының докторы, Өнертану ғылымдарының докторы, Профессор, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты, «Алтын дервиш» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Ұмай» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алтын арман» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Симург» медалінің иегері, «ТҮРКСОЙдың 20 жылдығына» медалінің иегері, «Хальдун Танера» медалінің иегері, 12 кітаптың және театр мәдениеті мәселелеріне арналған 300 мақаланың авторы, Халықаралық театр сыншылары Ассоциациясының мүшесі Баку, Әзірбайжан

 

4. ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ - ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.

 

5. ЛАША ЧХАРТИШВИЛИ – театр сыншысы, блогер. Грузия заманауи театрларды зерттеу орталығының бас директоры, Шота Руставели атындағы Мемлекеттік театр және кино университетінің профессоры, Өнертану ғылымдарының докторы, Грузия театр сыншылар одағының вице-президенті (Тбилиси, Грузия)

 

6. НҰРНИЯЗ МҰХАНОВ – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Құрмет» орденінің иегері. Маңғыстау облысының Құрметті азаматы.

 

 

Уфаның Мемлекеттік «Нұр» татар театры 1989 жылы театр студиясы ретінде құрылды. Арада екі жыл өткенде мемлекеттік мәртебе алды. Өткен ширек ғасыр ішінде театрдың бай репертуары қалыптасып, бүгінде «Нұр» Башқұртстанның театр әлемінде өзіне лайықты орнын тапты.

 

Театр репертуарының негізін ұлттық және әлемдік драматургияның классикалық туындылары құрайды. «Нұр» театры түрік әлеміндегі, Ресей мен өз еліндегі ірі халықаралық театр байқауларына тұрақты қатысады. Көптеген сахналық туындылары мен актерлік еңбектері қазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлдеге ие болды. Сонымен қатар көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген.

 

Бүгінгі Маңғыстау жұртшылығына аталмыш өнер ұжымының ұсынған «Өткеннен келген әйел» драмасын көрермен жылы қабылдады.

 

Қойылымның қысқаша мазмұнына тоқталар болсақ, есіктің күтпеген кезде қағылуы Франк пен Клаудияның күнделікті өмірін мүлде басқа арнаға бұрып жіберді. Жастық шақты еске алу жан төзгісіз отбасылық жанжалға айналды.

 

Өткеннен келіп, кейіпкердің берген уәдесі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілігін жадына салған әйел нағыз аян болып шықты.

 

Өзінің алғашқы махаббатын қайтару үшін ешнәрседен тайынбаған ол Франктің ғана емес оның жақындарының өмірін де тас-талқан етті.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему