Маңғыстау облысының ТЖД қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетті
12 Октября 2016 (17:06) | 2554 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Ақтау қаласында Маңғыстау облысы «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органының ардагерлер кеңесі» ҚБ Маңғыстау филиалы Төрағасының басшылығымен және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен «Қариялар күніне» және «Құтқарушылар күніне» арналып салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтмолда Мұханов және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Мұханбетов салтанатты жиынға келген барлық қонақтарды мерекелерімен құттықтап, оларға денсаулық, бейбітшілік, қуаныш, құт-береке және өмірдегі барлық жақсылықтарды тіледі.
ТЖ қызметкерлері сала ардагерлеріне арнап мерекелік бағдарлама дайындады. Іс-шара мерекеге арналып жайылған дастархан басында жалғасты. Мерекелік концерт аға буын жақсы көретін әндермен басталды және кеш барысында ТЖ ардагерлеріне арналған шын ниетпен айтылған алғыс сөздер және ең жақсы тілектер айтылды.
Мерекелік кеш қонақтардың көңілдерінен шықты. Бұрынғы әріптестер басқосып, жайлана демалып, қуанышқа бөленді.
ТЖ саласының ардагерлері: «Өмір… Оны немен өлшеу керек? Жылдармен? Иә… және жылдармен де. Бірақ жұмыспен көбірек … соның ішінде, өмірде істелген істер, өзің үшін емес –өзгелер үшін. Жақсы іспен, жақсы сөзбен біз өзіміздің өмірімізді ұзартып қана қоймаймыз, сонымен қатар бізді қоршаған адамдардың да бақытқа кенелуіне себепші боламыз. Біздің жадымызда тек жақсылар ғана сақталсын», - деген ізгі тілек айтумен тарасты.
Фото автора
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему