Соттан тыс жанжалды шешу
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттан тыс жанжалды шешу

13 Мая 2018 (15:08) | 2316 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті.

 

 

Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға - қан, талион қағидасы). Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарған.

 

Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдағаны тарих парақтарында жазылған еді. Әдетте, мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

 

2007 жылы 31 қазанда құқықтық саясат Кеңесінің мәжілісінде азаматтық іс жүргізу процессінде бітімгершілік шаралары институтын енгізу және сот отырысынан тыс дауларды медиатордың қатысуымен қарау тәртібіне заңдар қабылдау қажеттілігі айқындалды.

 

Ал, 2011 жылы 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламенті азаматтық және қылмыстық істер процессінде дауларды жан-жақты шешу үшін «Медиация туралы» заң қабылдады, оған Қазақстан Республикасы Президенті 28 қаңтар 2011 жылы қол қойды.

 

 

Қазіргі таңда бұл жүйе «медиация» деп танылған, яғни Сотта жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 48-бабы бірінші бөлігіне сәйкес тараптарға дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен істі аяқтау құқығы түсіндіріледі.

 

Бұл дегеніміз: Келіссөздер процесін жүргізу үшін жағдай жасау арқылы, дауды қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың қатысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдету және тараптарға пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымын жазбаша білдіру және келіскен жағдайды 5 (бес) күн ішінде тараптардың медиатормен, жасасқан медиация жүргізу туралы жазбаша келісімін сотқа жолдау ұсынылады деп қысқаша мәлімдесек те болады.

 

Көрсетілген мерзімде тараптар медиаторлармен медиация жүргізу туралы келісім жасауға немесе сотқа медиацияны судьямен жүргізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Осының бастапқы санаты заңға қайшы келмейтіндей етіп сотқа келген тұлға немесе тараптарды сот отырысының хатшылары да осы жобаға ат салысып, екі жақты  келісімге келтіріп, халыққа септігін тигізіп тұруға болады.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының-бас маманы Нұрсұлтан Омарғалиұлы Текеев

 

Суреттер  7292info ақпараттық сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему