Өнерлі ұландардың тартуы
4 Декабря 2017 (14:21) | 2186 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ақтау» сауда ойын-сауық кешенінде дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» флешмобын өткізді. Олар қазақтың танымал күйлерін орындап, ән айтып, Маңғыстау жұртшылығын мерекемен құттықтады.
-Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған флешмоб республикадағы барлық зияткерлік мектептерде өтіп жатыр. Бірлескен жобаның басты мақсаты- көпшілікті мерекемен құттықтау, егеменді еліміздің еркін ұрпақтарының өнерін таныстыру, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова.
Биылғы флешмобтың ерекшелігі - күмбірлетіп күй орындайтын оқушылар санының артуы болып отыр. Шарада 35 күйші орталыққа келушілер алдында Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындады. Сондай-ақ, Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Әлқисса» күйлері де көрерменнің көңілінен шықса, «Керемет» би ансамбілінің тәрбиеленушілері «Аса таяқ» биін биледі.
Президент күні қарсаңында зияткерлік мектепте басқа да танымдық шаралар өтті.
Жағымды жаңалықты біздің басылымға Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі жолдады.
Фотоларды Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі түсірген
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему