Құрметті Отан қорғаушылар! Ардақты ағайын!
7 Мая 2020 (08:06) | 2770 |
Автор: Редакция
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды құрметтеп, ұландарымызды ұлықтайтын күн.
«Ер – елінің қорғаны» деген. Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі - қуатты әскеріміз бен ұлттық Ұланымыздың абыройы асқақтай берсін! Қай кезде де тәуелсіздік тұғырын биік ұстау, еліміздің жан-жақты өркендеуі жолында табанды қызмет ету-басты парыз. Шекара шебін қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған айбынды азаматтарымыздың рухы биік, мәртебесі арта берсін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов
Зарегистрируйтесь или войдите в систему