№3 қоғамдық көлігінің жүру бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі
23 Сентября 2022 (17:44) | 1988 |
Автор: Редакция
Ақтау қаласы 19 ш/а аумағын маршрутпен қамтамасыз ету мақсатында №3 қоғамдық көлігінің жүру бағытына уақытша өзгерістер енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Ендігі кезекте №3 маршруты төменгі шағынаудан бағытынан келіп, 28×29×30×19 шағынаудандар жол қиылысынан екі бағытқа 3«А» және 3«Б» маршруты болып екі бағытқа бөлінеді, дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
3«А» және 3«Б» маршруттары қаланың жоғары шағынаудандарын қарама-қарсы айналып келіп, бұрынғы бағытына қайта түсетін болады.
Жаңа үлгідегі №3 маршрутты 26.09.2022 ж бастап іске қосу жоспарлануда.
Ескертпе: Аталған маршрут бағыты уақытша екендігін, яғни жаңа маршруттар іске қосылғанға дейін қызмет көрсететіндігін хабарлаймыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему