Маңғыстаулық мергендер республикалық турнирде топ жарды
23 Августа 2022 (13:12) | 1469 | Автор: Редакция
Маңғыстаулық мергендер республикалық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Қостанай қаласында «Қостанай-мергені» атты жасөспірімдер арасында «Дәстүрлі садақ атудан» Республикалық турнир өтті.
Сайыста 18 жасқа дейінгі балалар ату қашықтығы мен нысана түрлеріне байланысты санаттарға бөлініп, бақ сынасты.
Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан 150-ге жуық спортшы қатысты.
Байқау 10,15,20,50 метр қашықтықтан және нысанаға атудың екі түрлі қырғыз және қазақ стилі бойынша өткен.
Жарыс нәтижесінде Маңғыстаулық жасөспірім спортшылар командалық есепте 1-орын алып, топ жарды. Екінші орынға Атырау облысы, ал үшінші орынға Алматы облысы орналасты.
Маңғыстаулық мергендер 5 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде иеленген. Атап айтқанда ұлдар арасында қоланы «олимп нысанасы» бойынша 10 шақырым қашықтықта Човбай Абдулазиз мен 20 шақырым қашықтықта Айдар Әділгерей иеленді. Ал, 15 шақырым қашықтықта Бейбарыс Бақытбай күміс жүлдегер атанса, 10 шақырым қашықтықта Исмайл Шакір мен 20 шақырым қашықтықта Айбек Ораз алтын жүлдегер атанды. Ал, қыздар арасында Асия Шакир 10 шақырым қашықтықта олимп нысанасына көздеп қола жүлдені иеленсе, Мадина Мурадова 25 шақырым қашықтықта күміс жүлдегер атанды.
МО жамбы атудан аға жаттықтырушысы Сәнім Мурадованың айтуынша, мергендердің ептілік қабілетін ерекше көрсететін категориялардың ішінде күрделісі «Жамбы нысанасына» ату. Осы категорияда да маңғыстаулық мергендер үздік нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Исмайл Шакир, Мадина Мурадова, Асия Шакир жамбы атудан алтын жүлдегер атанды. Сонымен қатар, жамбы нысанасы бойынша Ахмеджан Адия күміс жүлдегер, Бөлекбай Шектібай қола жүлдегер атанды.
Солтүстік өңірде мергендер сайысы 18-20 тамыз аралығында өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему