Маңғыстаулық спортшылар 31 медальді иеленді
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 04:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық спортшылар 31 медальді иеленді

2 Октября 2017 (18:09) | 979 | Автор: Нурганым Имашева

 

Атырау қаласында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында V спартакиада мәресіне жетті. Жарысқа Астана мен Алматы қалалары және еліміздің 14 облысынан келген спортшылар қатысты. Байрақты бәсекеде Маңғыстау облысының құрама командасы 31 медальға қол жеткізіп, аймақ абыройын асқақтатты.

-Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл жолы спартакиадаға еліміздің әр аймағынан келген 600-ге жуық спортшы қатысты. Біздің облыстың құрама командасы 11 алтын, 11 күміс және 9 қола медальды иеленді. Мұның өзі үлкен көрсеткіш,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

Атап айтар болсақ, волейболдан өткен жарыста Маңғыстау облысының спортшылары үшінші орынға табан тіресе, пауэрлифтингтен әйелдер арасында Бақыт Құдайбергенова қола медальді қанағат тұтты.

Жеңіл атлетикадан ерлер арасында Дэвид Мансуров 100, 200 және 400 метр қашықтықта жүгіруден абсолютты чемпионы атанып, 3 алтын медальдің иесі атанды. Одан бөлек, 100, 200 және 400 метр қашықтықта жүгіруден 3 күміс медальді жерлесіміз Асхат Юсупов қанжығаласа, әйелдер арасында Ақкүміс Боқаева ядро итеруден 1 алтын мен диск лақтырудан 1 күміске қол жеткізді.

Ядро итеруден және найза, диск лақтырудан ерлер арасында Нұрлыбек Қожабеков күміс медальдарды еншіледі. Үстел теннисінен Людмила Васюткина үшінші орыннан көрінсе, тоғызқұмалақтан Бақыт Құдайбергенова алтыннан алқа тақты.

Жүзуден ерлер арасында Қуаныш Асқар және әйелдер арасында Эллина Байдельдинова абсолютты чемпион атанып, әрқайсысы 3 алтын медальға қола жеткізді.

Сондай-ақ, 3 күміс медальді жүзуден Шамиль Читаев ұтып алса, Сергей Сүлейман мен Аян Наурызбаев қола медальдарды еншілеп, үшінші орынға табан тіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему