Түпқарағандық жас аниматор миллионер атанды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағандық жас аниматор миллионер атанды

8 Декабря 2021 (15:01) | 3139 | Автор: Редакция

Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сыныбында оқитын Азиза Нұрланқызы миллионер атанды.

               

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындаған еді. Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған байқаудың «Мәдениет» саласындағы грантын түпқарағандық жас дарын Азиза Нұрланқызы олжалап, 3 миллион теңгені жеңіп алды.

  Мультипликация, анимация жасаумен айналысатын Азиза еңбек нарығында 72 % сұранысқа ие бұл мамандықты 7-сынып оқып жүргенде таңдаған. Қазір ол осы бағытта талмай еңбектеніп, әртүрлі жоғарғы дәрежелі байқаулардан бас бәйгені қанжығалап жүр.

   - Суретті бала күнімнен салып жүргендіктен, оны соткада түрлі графикалық бағдарламаларды қолданып салуды үйрене бастадым. Содан бастап, мен алғаш қызғушылығым оянып, ата-анамнан графикалық суреттерді салатын планшетте жұмыс жасағым келетінін жеткізгем. Ата-анам сөзімді жерге тастамай, бірден барлық шығармашылық қолдау білдірді. Мультипликатор–мультфильмдер жасайтын суретші дегенді білдіреді. Аниматор кейіпкерлердің сыртқы түрін анықтайды. Қимылын сызып, сюжеттік желімен жұмыс істейді. Оған түс пен қиялды қосыңыз. Барлығы қосылып сіз көретін мультфильм, анимациялық фильмді құрайды",- дейді Азиза Нұрланқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему