Тараптар медиациялық келісімге келді
27 Января 2021 (12:35) | 3022 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Р-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
Істі қарау барысында сот кеңсесіне осы іс бойынша тараптардан бітімгершілік келісімді бекіту туралы арыз түсті.
Медиативтік келісім бойынша жауапкер жанұясына көбірек көңіл бөліп, жанұясын сақтап қалатынын, жұбайымен тату-тәтті тұратынын, ұрыс-керіске жол бермейтінін, жанұясының материалдық жағдайын жақсартатынын өзінің міндетіне алды.
Талап қоюшы А. жауапкермен міндеттемесіне келіскендіктен, осы медициялық келісімді бектіп, азаматтық істі тоқтатуға келісімін берді.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
Қайнар: Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему