Ақтауда жеңіс лентасы таратылды
8 Мая 2017 (17:48) | 2266 | Автор: Мира Ботабекова
Қан майданда Отан үшін от кешкен батырларымыздың жанкешті ерліктері ешқашан да ұмытылмақ емес! Осы мақсатта бүгін Ақтауда «Ер есімі ел есінде» атты әскери патриоттық шара өтті. Ынтымақ алаңына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысқан батырлармен қатар жас сарбаздар және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері жиналды.
Жас патриоттар шараға қатысқандарға жаппай жеңіс лентасын таратты. Өткен жылдары «Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында еліміздің үлкен-кішісіне «Георгий лентасы» таратылатын еді. Бұл дәстүр алғаш Ресейде 2005 жылдың наурызында басталған. Оның мақсатын Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіске жетуге септігін тигізген ардагерлерімізді еске алып, оларды ардақ тұту болса, екнішіден қоғам назарын ардагерлер мәселесіне назар аудару деп түсінніп жүрдік. Сөйтіп Ресейде де, елімзіде де сары-қара түсті Георгия лентасы сәнге айналған. Көшедегі тұрмыстық құралдар, тіпті көліктерге дейін осы ленталармен көмкерілгені есімізде. Сырттай қарағанда, бұл ленталар Жеңіс күнінің символы ретінде көрінгенімен, қоғам белсенділері көршіміздің, яғни Ресейдің идеологиялық қаруына айналып бара жатыр деген пікірлері күдік тудырды. Мұндай ленталардың қазақ жерінде таратылуы таңсық көрінді. Георгия лентасын жандандыру – Ресей идеологиясын санаға сіңірудің бір көрінісі деп болжаған азамттарымыз да болды. Бірнеше қоғам белсендісі қарсы шығып, Георгий лентасын Ресейдің жымысқы саясатына балады. Кеңес әскеріне қатысы жоқ аталмыш лентаны 1941-1945 жыл аралығында болған соғыс белгісі ретінде тағу тарихи қателік деп, мұндай іс-шараға түбегейлі қарсы болған.
Осы жағдайлар ескеріліп 2015 жылы елімізде Ұлы Жеңіске орай «Георгий лентасының» баламасы ретінде Жеңіс лентасы жасалды. Жеңіс символының оандық нұсқасы көк түсті жібек матадан дайындалған. Ұзындығы – 30, ал ені – 3 см. Ұлттық оюмен көмкерілген лентаның екі шетінде Отан соғысының ордені бейнеленген. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап елімздің әр қаласында Жеңіс күніне орай «Жеңіс ленталарын» тарату акциясы өтіп келеді. Патриоттық шара барысында мыңнан астам жеңіс лентасы таратылды.
Бұл күні патриоттық әндер айтылып, ардагерлер сарбаздармен бірге ән шырқады. «Шараның басты мақсаты – бүгінгі бейбіт заманға жету үшін кеудесін оққа тосқан майдангерлердің ерлігін ұрпақ санасына мәңгіге қалдыру»,-дейді ұйымдастырушылар.
МҰРАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
-Бүгін таратылған жеңіс лентасы – ақтық демі қалғанша Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі. Аталарымыз Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында қатал соғыста жеңіске жетті. Отан үшін отқа күйген ата-бабамыздың ерлігін ұлықтау ендігі біздің еншімізде. Атаулы күннің мәнін, қасиетін жоғалтпай келесі ұрпаққа жеткізу де бүгінгі жастардың үлкен міндеті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему