Мемлекеттік қызметшілер күні тойланды
23 Июня 2017 (17:31) | 3238 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық сотында 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова, кеңсе қызметкерлері қатысты.
Жиынды аша отырып, сот төрағасы жиынға қатысушыларды мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтай келе, мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі болғандықтан билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден бастау алатынын айрықша атап өтті.
Жақсылық Аланов: «Елімізің сот жүйесінің дамуы, халықтың сотқа деген сенімінінің артуы Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, іс-тәжірибелеріңізге, патриоттық сезіміңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға, сіңірген еңбектеріңізге тікелей байланысты», - деді.
Аталған мерекеге орай лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындап, еңбектегі жетістіктері үшін сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері түрлі марапаттарға, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.
Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген ашық спартакиадаға белсенді қатысып, шағын футбол командасының құрамында үздік ойын көрсетіп, облыстық соттың намысын қорғап, 1-орынға қол жеткізген команда мүшелері де дипломмен марапатталады.
Шара соңы сот қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему