Маңғыстау облысында қаңтарда 5170 мектеп бітіруші түлек тестілеуден өтеді
16 Января 2020 (12:26) | 1742 |
Автор: Нурганым Имашева
2020 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. ҰБТ-ның ашықтығы мен объективті өтуіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанынан құрылған арнайы мониторингтік тобының және «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерінен құралған қоғам белсенділері және Департамент мамандары бақылау жасайды.
-Қаңтар айында өтетін ҰБТ бірінші кезеңінде Республика бойынша 99 пункт, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 4 пункт (Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Бейнеу аудандары) жұмыс жасап, 5170 мектеп бітіруші түлектер тестілеуден өтеді.
Іс-шараның әділ, адал өтуі мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мен қоғам белсенділеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттер stan.kz, aqtobegazeti.kz сайттарынан алынған
Зарегистрируйтесь или войдите в систему