Маңғыстаулық құтқарушылар мен тәртіп сақшылары қазақша күрестен жарыста кездесті
25 Февраля 2020 (12:57) | 2770 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының полиция департаменті мен «Динамо» спорт қоғамы ұйымдастырған чемпионатқа алты салмақ категориясында салмағы 66-дан бастап 100 кг-ға дейінгі 11 команда, олардың ішінде Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі командасы қатысты. Қазылар алқасын Маңғыстау облысының Қазақша күрес федерациясының аға жаттықтырушысы Қайрат Бұрбасов басқарды.
Чемпионат ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тарту, қазақ күресін көпшілікке тарату мақсатында және 13-14 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
-Біздің спортшы 3-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Арман Капарбаев 82 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды алды. 8-ӨСБ бөлімше командирі Турлыбек Борамбаев 100 кг салмақта «қола» дәрежесіне ие болды. Өрт сөндірушілерді құттықтаймыз!-дейді жағымды жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Суреттерді түсірген Рукия Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему