Мұнайлы ауданында сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады
9 Февраля 2021 (14:30) | 1538 | Автор: Редакция
Сүт өнімдерін халыққа қол жетімді бағада ұсыну мақсатында мамыр айында сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Бейімбет Сүлейменов мәлім етті.
«Полимер Пласт Ақтау» кәсіпорны ауданға 100 млн.теңге инвестиция салып, қазіргі уақытта сүт дайындайтын цехтың монтаж жұмыстарының 70 пайызын аяқтады. Кәсіпкер сүт өндіретін құрылғыларды Ресей елінен алған. Осы жылы ашылады деп жоспарланып жатыр»,- деді Бейімбет Сүлейменов.
Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында кәсіпкер жалпы сомасы 160 млн.теңге несие алған. Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Айта кетейік, бүгінде өңірде 5 сүт өндіретін кәсіпорын бар.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему