Республикалық байқауда Маңғыстаудың намысын қорғаған медицина қызметкерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 13/03/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
13 Марта, 08:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Республикалық байқауда Маңғыстаудың намысын қорғаған медицина қызметкерлері марапатталды

19 Июня 2014 (04:45) | 5088 | Автор: Редакция

 

Елміз бойынша жуырда аталып өткен денсаулық сақшыларының кәсіби мерекесіне орай Астанада ұйымдастырылған республикалық байқауларға аймақтың атынан қатысып, жүлдемен оралған медицина қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

 

Облыс атынан республикалық сайыста бағын сынағандар қатарында «Үздік провизор» атағын жеңіп алып, жүлделі ІІ орынға ие болған Ақтау қаласындағы дәріхана жүйелерінің басшысы Раушан Байбозова, «2014 жылдың Үздік дәрігері» аталымы бойынша сайыстың номинанты Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиология және аритмиология бөлімшесінің меңгерушісі Амирова Бибіш Тұрғанбайқызы, «Үздік сарапшы» номинациясы бойынша облыстық стоматологиялық аурухасының тіс дәрігері, тәуелсіз сарапшы Тасболатова Розита Балтабайқызы және «Үздік медбике» аталымы бойынша байқаудың номинанты Маңғыстау облыстық ауруханасының кардио-ота бөлімінің рентген-лаборанты, кардиоота мебикесі Ауғымбаева Светлана Жаулыбайқызы сынды медицина қызметкерлері бар.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бектубаев Руслан Фаризунұлы Астанадан күні кеше оралған мамандарға Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыстады және үлкен жауапкершілік жүгін арқалап барып, республикалық сайыстарда өңірдің намысын қорғағаны, кәсіби біліктілік танытқандары үшін басшылық пен әріптестері атынан сайыскерлерге зор алғысын білдірді.

 

 

«Үздік дәрігер» номинациясы бойынша сайысқа қатысқан Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиология және аритмиология бөлімшесінің меңгерушісі Амирова Бибіш Тұрғанбайқызы өздеріне көрсетілген сый-құрметке ризашылығын білдіре отырып: «Республикалық сайыста біз кәсіби деңгейімізді барынша көрсете алдық деген ойдамын. Байқау кезінде Маңғыстау облыстық ауруханасының жұмысын таныстыру барысында атақты профессорлар Қазақстан бойынша Астанадан кейін екінші болып, озық заманауи тежнологияларды қолданып, жүректің туа біткен ақауын емдеп жазуда, ашық жүрекке күрделі кардиоота жасау әдісін енгізген біздің облыстың мамандарының жетістіктерін атап өтті. Сол беделді мамандардың біздің қызметімізге берген жоғары бағасы бізді, әрине қуантты.

 

Ендігі кезекте сайысқа қатысатын мамандардың дайындалуына өзім көмектесуге әзірмін»,- деді ағынан жарыла.

 

Жеке кәсіпкер провизор Раушан Байбозова: «Жыл сайын провизор-мамандар арасында өткізілетін «Үздік провизор» республикалық сайысы биыл 13 рет ұйымдастырылды. Осы сынды жоғары деңгейдегі байқауға қатысқаныма қуаныштымын.

 

Байқау 4 турдан тұрды: маманның өзін таныстыруы, қызметімз жөнінде есеп беру, тестілеу сынағынан өттік және қызметкердің өзін шығармашылық жағынан танытуына арналған «Үй жұмысы» тапсырмасы. Ол бойынша мен қызыммен бірге провизорлар қызметіне байланысты әнді шырқадым.

 

ҚР фармацевтік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Дана Комунқызына және фармацевт-провизорлар Ассоциациясының жетекшісі Әліпқали Бисекешұлы Бисекешовқа және мені қолдаған барлық әріптестеріме көп рахмет»,-деді.

 

 

Республикалық «Үздік медбике» байқауынан жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтқан, 28 жыл аймақтың медицина саласында қызмет етуші Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиоота бөлімінің рентген-лаборанты, кардиоота мебикесі Ауғымбаева Светлана Жаулыбайқызы өзі туралы айтып беруін өтінгенімізде: «Кәсібім бойынша облыстық сайысқа алғаш рет 1987 жылы еңбек жолымды бастағаныма 1 жыл толғанда қатысып, ІІ орынды иеленген болатынмын. Биыл екінші рет қатысып, І орынды жеңіп алып, аймақ бойынша «Үздік медбике» атағын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алдым.

 

Сайысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларының үздік мамандары қатысты. Ең білікті деген қызметкерлер бақ сынасқан додада топ жару оп-оңай болды деп айта алмаймын. Дегенмен оза шауып, өзімнің кәсіби біліктілігімді көрсете алдым деген ойдамын. Жүлделі орынды иеленгеніме қуаныштымын»,-деген пікірін білдірді.

 

Сайыскерлер өз тарапынан әріптестерін кәсіби мерекелерімен тағы бір құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, қолдау жасағандары үшін зор алғыстарын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему