Мәжіліс депутаттары Маңғыстауда
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 18:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мәжіліс депутаттары Маңғыстауда

10 Июля 2018 (20:40) | 1952 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері Маңғыстау облысына жасаған іс-сапары жалғасуда. Тарас Хитуов, Кәрібай Мұсырман, Асылбек Смағұлов және Сәкен Өтебаев өлкеде 10 күн болып, өзекті мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, шешу жолдарын да қарастырмақ.

  

 

Облыс тұрғындарымен кездесуде халық қалаулылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес әлеуметтік бастамасын» халық арасында кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр.

 

Маңғыстау өлкесіне табан тіреген депутаттар бірінші күні Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылы, Приморский және Приозерный тұрғын-үй массивтері тұрғындарымен жүздесті. Алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, тұрғындарды шешімінтаппай келе жатқан мәселелерді халық қалауларына іркілмей жеткізуге шақырды.

 

Облыс орталығына тиіп тұрған ауыл тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Олардың айтуынша теңіздің суы тұщытылып берілуде. Алайда тіршілік көзінің сапасына күмәнмен қарайтындар да баршылық болып шықты. Халық қалаулылары судың мәселесі кезекті Мәжіліс отырысында көтеріліп, шешімін табу жолдарын қарастырамыз деп сендірді. Мұнан бөлек, тұрғындардың жеке басына қатысты біраз сұрақтар көтерілді. Жиналыста «7-20-25» ипотекалық бағдарламасытуралы қойылған сұрақтар да жауапсыз қалмады.

 

 

 

Мәжіліс депутаттары одан әрі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдады. Айта кету керек, кездесуге келгендердің басым бөлігі жағдайы төмен және көп балалы отбасылар. Мәселен, ата мекенін аңсап келген Садек Теллабай алты бала тәрбиелеп отыр,әйелі екеуі жұмыссыз, білімдері жоқ, үй жалдап тұратындығы тағы бар. Баспана жағынан қиындық көріп жүргенін айтып, жатақханаға орналасуына және қолынан келетін жұмысы аяқ киім шеберханасын ашуға көмектесуді сұрады. Депутаттар оған қазіргі уақытта жатақханада орын болмай тұрғандығын, мүмкіндігіне қарай мекеме басшыларына хат жолданатындығын айтты.

 

Келесі тұрғын - Айгул Өтеқасымқызы, оның 4 баласы бар, отағасы өмірден озған, № 35 «Балдырған» балабақшада аспазшы болып жұмыс істейді екен. Ол депутаттардан материалдық көмек сұрай келген.Маңғыстау облысынан сайланғанҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәкен Өтебаев 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсететінін және онысол күні арызданушының есеп-шотына аударатынын айтты.

 

 

Сол сияқты көмекке зәру тағы бір тұрғын – Айтбике Әбішева. Көпбалалы ана осыдан екі жыл бұрын баспанасы болмауына байланысты«Нұр Отан» партиясына келіп көмек сұрағаннан кейін, қазіргі тұрып жатқан жатақханаға уақытша мерзімге орналастырылған. Енді мерзімі аяқталып, бөлмені босатукеректігі жөнінде қолында ескертуібар. Әзірге барар жерім жоқ деген ол, мерзімін ұзартып беруге ықпал етуді сұрады.Көмекке мұқтаж ананың мәселесін шешу үшін Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаевқа жатақханада тұру мерзімін ұзарту жөніндегі өтініш хат жолданды.

 

Қоғамдық кездесуден соң депутаттар«Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШСұжымымен кездесу өткізді. Басқосуда талқыланған сұрақтың бірі «Маңғыстау облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдерімен тұрғын-үй мәселелеріне қатысты болды. Мұнан соң депутаттар Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өклдерінің сұрақтарына жауап берді. 

 

 

Әсіресе бес әлеуметтік бастама, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Алғашқы жарнасы 20 %-ды құрайтын аталмыш бағдарламаны жалақысы төмен отбасылар үшін 15 пайызға төмендету туралы пікір де айтылды. Өзекті тақырыптардың ішінде облыс үшін көкейкесті мәселеге айналған «Алматы-Маңғыстау» жүрдек пойызын жаңарту ұсынылды. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер де кеңінен түсіндірілді. 

 

Мәжіліс депутаттарының өлкеге жасаған жұмыс сарапы Жаңаөзен қаласы және Қарақия, Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы мен Маңғыстауаудандарында жалғасады.

 

Кәмшат Ізбасарова ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему