Маңғыстау облысының құтқарушылары күн сайын Каспий теңізі жағалауында рейд жүргізеді″
19 Июня 2021 (12:33) | 1781 | Автор: Редакция
Жаз басталуымен демалушылардың көпшілігі жүзуге асығады. Сонымен қатар, су - тілсіз жаудың бірі. Сумен ойнауға болмайды. Суда өзін-өзі ұстай алмау, немқұрайлылық, ашуланшақтық, шамадан тыс ашуланшақтық, өзіне деген сенімділік қиын жағдайға әкеледі. Дəл осындай қауіпсіз шараны сақтамағаннан адамдар суға батады. Күн сайын Маңғыстау облысының құтқарушылары Каспий теңізі жағалауында рейд жүргізеді.
Құтқарушылар су объектілерінде шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізеді, демалушыларға қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Су жəне су объектілеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы барлығы есте сақтауы тиіс. Балалармен бірге келетін ата-аналар жағалауда демалып жатқан кезде балаға назар аударуды ұмытпаңыз. Балаға назар салмасаңыз, жазатайым оқиғалардың куəсі болуыңыз мүмкін.
Есте сақтаңыз, суда адамдардың қаза болуының негізгі себептері қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, белгіленбеген жерлерде жəне тыйым салынған жерлерде суға түсу, сондай-ақ мас күйінде суға түсу болып табылады.
Жақсы жүзе білу әрқашан қауіпсіздік кепілі бола бермейді. Судағы жүріс-тұрыстың барлық ережелерін міндетті түрде сақтау - денсаулықты сақтаудың жəне көптеген адамдардың өмірін құтқарудың кепілі!
Жазатайым оқиға болған жағдайда дереу "101" немесе "112" нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему