Төрт мыңға жуық бала алғаш рет мерекелік шеруге қатысты
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 02:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төрт мыңға жуық бала алғаш рет мерекелік шеруге қатысты

2 Июня 2017 (13:13) | 2103 | Автор: Мира Ботабекова

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Каспий теңізі жағалауында музыкалық оркестрлер мен ансамбльдер шеруі өтті. Кең ауқымды жалпы республикалық акцияның бөлімі болып табылатын шеруге облыс мектептерінен, қосымша білім беру орталықтарынан, колледждер мен университеттерден 4000-дай оқушылар мен студенттер, педагогикалық ұжымдар мен ата-аналар қатысты. Мерекелік шерудің барлық жеті колоннасына Маңғыстау облысының басты тарихи және табиғи көрікті жерлері құрметіне орай арнайы атаулар берілді.

 

 

Шеруді Абай атындағы мәдени-ойын сауық кешенінің дағырашылары мен үрмелі аспаптар топтарынан – тәрбиеленушілерінен құралған «Каспий» колоннасы бастады. Олардың арттарынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі насихатталатын плакаттармен Ақтау қалалық мамандандырылған экономикалық лицеінің оқушылары жүріп өтті.

 

Екінші колоннаны Ақтау қалалық №8 орта мектебінің оқушылары – жол қозғалысының жас инспекторлары облыстық байқауының жеңімпаздарының, Жаңаөзен қаласының Мұрат Өскінбаев атындағы балалар музыкалық мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының «Шерқала» тобы бастады. Осы ретте, мектеп оқушылары өз күштерімен ұлттық аспаптар оркестрін құрып, «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық фестивалінің бірнеше мәрте жеңімпазы болғанын атап өту керек. Бұдан әрі колоннаны Ақтау қаласының №21,15,23 орта мектептерінің оқушылары, облыстық туризм және өнер колледждерінің студенттері жалғастырды.

 

Келесі «Отпан тау» колоннасы Абыл Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебінің халықаралық және республикалық ән-би байқауларының бірнеше мәрте жеңімпаздары атанған оқушыларынан, №7 мектеп лицейінің, №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің, №2 және №22 орта мектептерінің оқушыларынан, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің, Маңғыстау гуманитарлық колледжі және М.Тынышпаев атындағы КазККА Ақтау көлік колледжінің студенттерінен құралды.

 

Шеруді мұнан әрі Ақтау қалалық №13 мектеп-гимназиясының дағырашылары мен Мұнайлы аудандық «Оқушы» орталығының домбырашыларынан, облыс орталығының №3,10 және 17 орта мектептерінің оқушыларынан құралған «Үстірт» колоннасы жалғастырды.

 

«Айрақты» колоннасын Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары басқарды. Олардың арттарынан оқушылары қолдау топтарының негізін қалаушы болып табылатын Ақтау қалалық №9,16,20 және 24 мектептері жүріп өтті.

 

Өскінбай Қалманұлы атындағы Жетібай және Құрық балалар өнер мектептерінің тәрбиеленушілері, Ақтау қалалық №4 мектеп-гимназиясының және №5,27 орта мектептерінің, «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық лицейінің оқушылары «Саура» колоннасымен жүріп өтті. Қарақия ауданы Құрық кентінің домбырашылар ансамблі Италиядағы «GEF» халықаралық байқауының бас жүлдесі иегері атанды.

 

«Тамшалы» атты жетінші колоннаға Ақтау қалалық №14 орта мектеп дағырашылары мен №6 орта мектебінің оқушылары кірді. Оларды Түпқараған аудандық өнер және кәсіпке бағдарлау мектебінің музыканттары, Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері жалғастырды. Шеруді Ақтау қалалық №1,12 және 28 орта мектептерінің оқушыларынан құралған қолдау тобы аяқтады.

 

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында отбасындағы және балалық шақтағы өзекті мәселелерді шешуге, қазақстандықтардың жас буындарын жоғары біліммен, рухани және спорттық тәрбиемен тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасау мен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстанның бес миллиондай баласының 240 мыңнан астамы киелі Маңғыстау өңірінде тұрады. Біздің барлық іс-қимылымызСіздердің зияткерлік және шығармашылық әлеуеттеріңізді жүзеге асыруға мүмкіндік бола алатын гүлденген Қазақстанда тұруларыңыз үшін жағдай жасауға бағытталады. Балаларды қорғау күні – бұл үлкендерге біздің ғаламшарымыздағы барлық кішкентай қыздар мен ер балалардың бақытты болулары керек дегенді ескертумен тең. Әлемде балалар мен олардың балалық шақтарынан артық маңызды әрі қымбат ештеңе жоқ. Балаларымыз, өміріміздің гүлдері күн санап өсіп, өркендей берсін! – деп атап көрсетті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему