Маңғыстауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жандануда
28 Апреля 2023 (16:17) | 2507 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен өңір бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу, электрондық сатып алу, заң қызметтерін көрсету, бизнес-жоспар құру және кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтардың өтініштерін сүйемелдеу бойынша тегін сервистік қызметтермен қамтамасыз етеді.
2022 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы барлығы 1 640 қызмет көрсетіп, 2 млрд. теңгеге жуық 246 жобаны іске асырды. Нәтижесінде аймақта 400 жұмыс орны құрылған.
Ал 2023 жылы орталық 4575 қызмет көрсетіп, 686 жобаны жүзеге асыруды және 1000-нан аса облыс тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар үшін жетекші мамандардан бірқатар семинар қарастырылған. Қатысушы оқу барысында тренерлерге сауалдарын қойып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «NADLoC», «Goszakup.gov.kz» бойынша толыққанды кеңес алады.
Толығырақ ақпарат алу үшін +7 (7292) 30-40-40 call орталығына қоңырау шалыңыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему