Ақтауда ұстазарға арналған  on-line семинар ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 01:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ұстазарға арналған on-line семинар ұйымдастырылды

17 Сентября 2017 (16:36) | 2546 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» аясында рухани-адамгершілік білім беруде ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық on-line семинар өтті.

Семинардың мақсаты: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізіндегі ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың бағыттары мен мазмұнын ашу және тәжірибе алмасу.

Облыстық on-line семинарда Мұнайлы ауданының №5 орта мектебінің мұғалімі Гүлшат Талғатқызы Мұхамеджанованың «Қазіргі білім беру үрдісі. «Өзін-өзі тану пәнінің қажеттілігі», Мұнайлы ауданының «№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ мұғалімі Жансая Жаңабайқызы Дәулетованың «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі», Бейнеу ауданындағы «Боранқұл орта мектебі» КММ мұғалімі Фариза Орынбасарқызы Мырзатаеваның «Отбасы -тәрбие бастауы», Бейнеу ауданы, «Күйкен орта мектебі» КММ мұғалімі Гүлшат Амантайқызы Исатаеваның «Отбасы - тәрбие ұясы» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

 Облыс бойынша білім үйлестіру орталықтарындағы «Өзін-өзі тану» пәні әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері он-лайн режимінде бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел» идеясы аясында көптеген жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижесін беріп жатыр.

Соның ішінде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасына сәйкес бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығы туралы және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды қалай тиімді ұйымдастыру керек екендігі жайында ашып айтып, оңтайлы ұсыныстар жасауда.

Семинар соңында қатысушылардан ұсыныстар қабылданып, қорытындылау және марапаттау жүргізілді.

 

Ботагоз Мұхамбетқызы ҚАРАЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

ДБО «Өзін-өзі тану» пәні тренері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему