Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы тұрғындардың сұрақтарына жауап береді
24 Марта 2022 (13:58) | 2588 |
Автор: Редакция
Аймақ полициясының басшысы Аян Дүйсембаев 29 наурызда өтетін есептік кездесуінде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының тұрғындармен есептік кездесуі 29 наурыз күні сағат 17:00-де, 34 шағын аудандағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтеді.
Халықпен кездесу барысында Департамент басшысы қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етеді. Азаматтардың барлық шағымдары мен арыздары бақылауға алынады. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардан келіп түскен ұсыныстарды, сондай-ақ олар бойынша қабылданған және қабылданатын полиция қызметін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қорыту және талдау жүргізіледі.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему