Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері арасында жеңіл атлетикадан жылдық жарыс ұйымдастырылды
24 Апреля 2017 (15:53) | 2232 | Автор: Нурганым Имашева
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеу аясында «Каспий» қалалық стадионында Өрт сөндіру қызметі Маңғыстау гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері арасында жыл сайынғы жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді.
Жарысқа он екі команда атсалысты. Жеңіл атлетиканың бастау алар бағдарламасы – 100 метр, 1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру және 4х100 метр өрт сөндіру эстафетасы.
Жігерлі шайқаста жеңімпаздар анықталды. Құрық ауылы № 2 өрт сөндіру бөлімінің жеңіл атлеттері жарыстың барлық кезеңдерінен ең үздік атанды.
Екінші командалық орынды Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің атлеттері жеңіп алды, үшінші жүлделі орын - Ақтау қаласы № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілеріне бұйырды.
Жеке сынақта 1000 метрге жүгіруде Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Шамадинов Марат жеңіске жетті.
Жүз метрлікте барлығынан ең жылдамы - Құрық ауылы № 2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Кудасбаев Мырзабек болды.
Ұзындыққа секіруде үздік нәтижені Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Шамадинов Марат айқын көрсетті.
-«Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылығы дене шынықтыру тәрбиесі мен спортқа ерекше ықылас білдіреді. Жыл сайын мекеме бөлімшелері арасында спорттың 10 түрінен жарыстар ұйымдастырылады, оның бірі өрттен құтқару спорты болып табылады, -дейді осынау жағымды жаңалықты біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему