Темекі тұқылын жолға тастағаны үшін айыппұл салынды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Темекі тұқылын жолға тастағаны үшін айыппұл салынды

18 Мая 2017 (12:42) | 2788 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қаралды.

 

Сотта анықталғандай, Д. Ақтау қаласы, 15 шағын ауданда орналасқан «Айдын» кафесінің жанында,  темекі шегіп, тұқылын жолға лақтырып, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

 

Сот қаулысымен Д. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 22 690 теңгеден 30 пайызға қысқартылып, 15 883  теңгеге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему