«Каспий итбалығының популяциясын сақтау» жобасы жүзеге асып жатыр
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Каспий итбалығының популяциясын сақтау» жобасы жүзеге асып жатыр

29 Августа 2021 (14:35) | 1308 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова мәлім етті.

 

 

Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - Каспий итбалығының мекен ететін аумағын тексеріп, балық аулау торлары мен қоқыстардан тазарту. Сондай-ақ бұл жоба Каспий итбалығы популяциясының жай-күйін бағалауды көздейді.

«Экологиялық жоба шеңберінде 1-20 қыркүйек аралығында Подгорный, Рыбачий, Құлалы аралдарының жағалауында тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, 2019 жылдың күз мезгілінде 3 аптаның ішінде 2856 кг-ға жуық балық аулары, 2206 кг шыны, 2165 кг тұрмыстық қатты қалдықтар жиналды. Жүргізген талдау нәтижесінде теңіздегі торлар итбалықтардың өміріне қауіп төндіретіні белгілі болды. Өйткені, балықтар торға тез оралады. Сондықтан, олар 50 жыл емес, 20-30 жыл ғана өмір сүреді», - деді Әсел Баймұқанова.

Айта кетейік, өткен жылы жүргізген экспедицияның нәтижесінде 3790 кг балық аулау торы жиналды. Талдау жұмысы кезінде Құлалы аралы жіті зерттелді. Аралдың батыс бөлігіндегі белгіленген жердің 29% ғана қаралды. Мамандардың айтуынша, бұл аймаққа ерекше назар аудару қажет.

«Каспий итбалығының популяциясын сақтау» жобасын іске асыру аясында Каспий итбалығының мекендейтін орнын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасады», - деді Әсел Баймұқанова.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему