Үйінде қасақана ұрыс шығарған ер адам екі тәулікке қамалды
17 Мая 2017 (13:41) | 1497 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, А. бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, бір жыл ішінде қайталап, Ақтау қаласы, 2 шағын аудандағы пәтер ішінде зайыбы М-ға қасақана ұрыс шығарып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему