«Қажымұқан» мұзжарғыш кемесі
18 Декабря 2016 (09:07) | 2769 | Автор: Мира Ботабекова
Теңіз шекарашыларының қазақ елінен сүйінші сұрар жаңалығы бар. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ел тарихында тұңғыш рет отандық үлгідегі мұзжарғыш-буксир қолданысқа берілді.
Жаңа үлгідегі мұзжарғышқа күш атасы Қажымұқан есімі берілді. Бұл кеме қалыңдығы 30 сантиметрлік мұзды еркін еңсереді. «Қажымұқан» кемесінің негізгі қызметі – Каспий теңізіне жасалатын рейд кезінде ұсталған су көліктерін сүйреп, айлаққа жеткізу.
Қыдыржан Мұқанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі жағалау күзеті аймақтық басқармасының бастығы:
-Осыған дейін біздің шекарашылар күдіктілерді ұстаған соң портқа оралатын. Су ығыстыру салмағы 151 тонналық буксир келгелі жағдай өзгерді. Ол кемелерге азық-түлік, жанармай жеткізіп, браконьер қайықтарын тіркеуге алады. Яғни шекара катерлерінің теңізде әрекет ету мерзімі ұзарды.
Кеме рубкасына орнатылған су бүріккіші арқылы өрт сөндіріп, апаттан құтқару операцияларына қатысады. Қазақстандық мұзжарғыш қолданысқа берілген соң, бұдан былай Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне кеме қатынасы жеңілдей түспек.
Қасиетті мерекеде сондай-ақ, ел шебін қорғау жолындағы абыройлы істері үшін 98 шекарашы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему