«Қауіпсіз ғаламтор» шарасы басталды
15 Апреля 2017 (11:18) | 3222 | Автор: Мира Ботабекова
Бастапқыда компьютерлік ойындарға құмартып, кейіннен сол ойындардың шырмауынан шыға алмай жүрген балалар өте көп. Өкініштісі, мұның соңы бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады. Ең құрығанда бала денсаулығынан айрылады. Оқу үлгерімі төмендейді. Міне, осындай жағдайларға байланысты Маңғыстау облыстық ішкі ічтер департаменті балаларды қауіпті виртуалды ойындардан құтқаруға кірісті.
«Қауіпсіз ғаламтор» шарасы аясында полицейлер оқушылар мен ата-аналарға компьютерлік ойындардың кері әсері мен зияндылығы жөнінде түсіндіруде. Бұл іске прокурорлар, мұғалімдер мен ата-аналар комтетінің мүшелері де атсалысып жатыр. Мамандар барлық білім ошақтарында арнайы психологиялық сабақтар жүргізбек. Виртуалды ойындарға деген тәуелділіктен арыла алмай жүрген балалардың ата-аналарына да кеңес беріледі. Шара аясында сондай-ақ, балалар бөгде адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін де үйретеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему