Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы өтеді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы өтеді

15 Августа 2018 (11:18) | 2398 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

-Байқауға үш аталым бойынша аймақтағы 15 кәсіпорын қатысады деп күтілуде. Биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар жаңа тауар өндірушілердің де өнімімен танысу мүмкіндігі ұсынылады. Көрмеге келушілер жергілікті өніммен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымын сатып алып, концерттік бағдарламаны тамашалайды,- дейді өңірлік Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары.

 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары».

 

Сарапшылардан құралған комиссия әр аталым бойынша 3 жеңімпазды анықтайды. Нәтижесінде 9 тауар өндіруші Маңғыстау облысы атынан Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

 

 

-«Қазақстанның үздік тауары» - ұлттық бренд деңгейіне көтерілген беделді шара. Сондықтан да байқауға қатысу – кәсіпорындардың өзін танытуға, тауарын жарнамалауға, тұтынушы қатарын арттыруға зор мүмкіндік болып саналады. Сонымен қатар жаңа серіктес табуға, бизнестің жаңа бағытын ашуға да сеп болмақ, - дейді ақжолтай жаңалықпен бөліскен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 

Көрме ертең, 15 тамызда сағ. 17-00-де Ақтау қаласындағы «Хан Шаһар» мейрамханасында өтеді.

 

Суреттер Zakon.kz, Огни Мангистау, kzvesti.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему