Әкем, анам және мен – салауатты отбасы
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 07:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әкем, анам және мен – салауатты отбасы

17 Мая 2021 (11:52) | 2012 | Автор: Редакция

Халықаралық отбасы күнін атап өту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтау гарнизонында отбасылық сайыс өтті.

«Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» байқауы отбасының бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартуға, ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, адамдарды тани білуге бағытталған. 

Шараға қатысқан 7 әскери отбасы қызықты ойындарға қатысып, спорт түрлерінен шымырлықтарын көрсетті.

«Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» сайысы – әскери отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі. Бұл жарыстың тәрбиелік маңызы зор, - деп ойлаймын дейді шара ұйымдастырушысы, Әскери-теңіз базасы әйелдер кеңесінің төрайымы Әсел Хайрушева.

«Шынықсаң шымыр боласың» демекші кей отбасылардың спортқа қаншалықты жақын екені белгілі болды. Себебі, бір отбасылар белсенді болса, екіншісі спорттық тұрғыда шыныққан екендіктерін көрсетті.

Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» байқауы отбасылық  сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден жарысқа қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады.

Отбасылық спорттық сайыс «Сәлемдесу», «Эстафета», «Кім жылдам?» сияқты бірнеше бөлімдерден тұрды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар марапатталды.

Айта кетейік, спорттық сайысы барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.

Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему