Нұрбек-күміс жүлдегер атанды!
Курс валют в Актау
на 19/07/2019
 
382.66
385.88
 
429.43
433.93
 
6.02
6.16
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Июля, 08:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нұрбек-күміс жүлдегер атанды!

25 Января 2016 (09:39) | 723 | Автор: Нурганым Имашева

 

Талдықорған қаласында дзюдо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қысқы демалысқа» арналған республикалық турнир мәресіне жетті. Оған Қырғызстан мемлекетінен және Астана, Алматы, Маңғыстау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты.

 

17 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасқан спортшылардың арасынан маңғыстаулық балуан Нұрбек Қуанышұлы (55 келі салмақта) үздік танылып, күміс медальды жеңіп алды.

 

- Мешін жылы мен үшін жеңісті сәттермен басталды. Талдықорған қаласында 14-18 қаңтар аралығында өткен республикалық жарыста он бес жасар шәкіртім Нұрбек Қуанышұлы күмісті иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін Нұрбек - өткен жылы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Енді ол 4-8 ақпанда Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін ҚР чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады,-дейді Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Республикалық турнир аясында спортшыларға арналған оқу-жаттығу жиыны да ұйымдастырылатыны белгілі болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему