Ақтау қаласының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда
9 Июня 2019 (18:02) | 1590 |
Автор: Нурганым Имашева
Облыс орталығында 74 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-00 ден бастап өз есіктерін сайлаушылар үшін айқара ашты. Ақтау қаласының тұрғындары өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасауда.
Тұрғындарың сайлауға ерекше көңіл күймен, өз қалауларымен келгені байқалуда. Ерекше белсенділік танытқан сайлаушылардың қатарында – облыс орталығының жаңа аудандары -16 және 17-ші шағынаудардың тұрғындары болды. Осы екі шағынауданның тұрғындары 17 шағынауданда орналасқан Ақтау есеп-технологиялық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесіне келіп, белсенді түрде әрқайсы өз таңдауын жасауда.
Сайлау учаскесі орналасқан оқу орнының аумағында көңілді әуен ойнап тұр. Бұл сайлаушылардың көңіл күйін көтеріп, елдегі бүгінгі күні өтіп жатқан үлкен саяси науқанның маңыздылығы туралы әрбір сайлаушыға, қала тұрғындарына ой салғандай.
Сайлау учаскесінің аумағында сонымен қатар, қала тұрғындарына арналған «Мағаш нан» өнімдері, сүт тағамдары және түрлі сусындар сатылып жатыр.
Халықтың бүгінгі сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болып жатқан осы №66 сайлау учаскесіне келген бірнеше сайлаушының пікірін сұрағанымызда, жалпы халықтың биылғы сайлауға деген ынтасының зор екенін байқадық. Әрбір тұрғын елінің болашағы үшін, ұрпағының жарқын келешегі үшін өз таңдауын жасауға келгенін айтты.
Суреттер және видео автордыкі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему