Ақтауда оқушылардың облыстық пәндік олимпиадасы аяқталды
Курс валют в Актау
на 20/10/2020
 
426.92
430.83
 
499.78
504.89
 
5.39
5.61
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
20 Октября, 08:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда оқушылардың облыстық пәндік олимпиадасы аяқталды

8 Января 2016 (16:51) | 2584 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығында 2016 жылдың 4-7 қаңтар аралығында мектеп оқушыларының Республикалық пәндік олимпиадасының облыстық деңгейі өтті. Білім сынына қатысуға облыс бойынша 593 оқушы талап білдіріп, оның 570-і бақ сынады. Жыл сайын дәстүрлі түрде еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылатын пәндік олимпиада гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша жүргізілді.

 

Пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша, білімін сынаққа салғандар арасынан 188 оқушы І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарды жеңіп алды. Білім додасының республикалық деңгейі наурыз айында өтеді деп күтілуде, оған жүлделі І,ІІ орындардың жеңімпазы атанған 65-ке жуық оқушы қатысатын болады.

 

Облыстық пәндік олимпиадаға қатысушы Серік Қапаров:

- Мен Бейнеу ауданындағы «Атамекен» орта мектебінің 9 сынып оқушысымын. Облыстық олимпиадаға химия пәнінен қатыстым. Олимпиаданың тапсырмалары онша қиын болған жоқ. Жалпы, химия пәні өзіме қатты ұнайды. Болашақта дәрігер мамандығын алсам деген асқақ арманым бар, адам жанының арашасы болуды қалаймын. Ол үшін өзімнің сүйікті пәнім – химияны жақсы меңгеруді мақсат тұтудамын. Бұл жолда маған осы пән бойынша білім беріп, бағыт-бағдар сілтеп жүрген менің ұстазым - Өтеулиева Айымгүл Жолдықызының еңбегі зор. Облыстық пәндік олимпиадаға қатысу – әрбір шәкірттің өз білімін дәлелдеудің, болашақ мамандығын таңдау жолындағы бағытының дұрыстығын анықтау жолы деуге болады.

 

Аймақтың білім ордаларынан аталмыш облыстық сайысқа барлығы 9 команда қатысты. Командалық есепте Жаңаөзен қаласының тобы үшінші, Қазақ - Түрік лицейінің тобы екінші, ал, 77 оқушысының 57-сі жүлделі орындарға ие болған Ақтау қаласының командасы бірінші орыннан көрінді. Барлық жеңімпаз оқушылар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему