Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды
26 Июня 2017 (13:55) | 1495 | Автор: Мира Ботабекова
Cотта анықталғандай, М. өндіріп алушы С-ның пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін 1/3 бөлікте алимент өндіру туралы Жаңаөзен қалалық сотының 04.06.2013 жылғы сот бұйрығын орындамаған. Нәтижесінде берешек алимент қарызы 1 914 396 теңгені құраған.
Сот отырысында азамат М. құқық бұзушылық әрекетін толық мойындап, алимент қарыздарын тұрақты жұмысы болмағандықтан төлемегенін, сот актісін орындау мүмкін болмай жүргенін жеткізді.
Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілікке қамаққа алу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему