Сувенир ақшаға сауда жасаған бойжеткен ұсталды
18 Декабря 2015 (16:32) | 1570 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда сувенир ақшаға сауда жасаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы Ардақ Нәубет хабарлады.
26 жастағы бойжеткен 12 шағын аудандағы «Айболит» дәріханасынан дәрі-дәрмек алуға барады да фармацевтке 10 мың теңгелік сувенир купюра ұсынады. Дәріхана қызметкері банкнотты тексермейді. Сұраған дәрісіне 1600 теңге ұстап қалып, артылған 8 мың теңгені әлгі қызға қайтарып береді.
Арада біраз уақыт өткен соң ғана банкноттан «Қазақстан ұлттық теңгесі болып табылмайды» деген жазуды көріп қалады. Алданғанын сезген дәріхана қызметкері дереу ішкі істер басқармасына хабарласқан. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1989 жылы туған қала тұрғыны қолға түсті. Тәртіп сақшылары сатушылар мен сатып алушыларды жалған ақшаға алданып қалмауға, саудаласқанда сақ болуға шақырады.
Ардақ Нәубет, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы:
-«Айболит» дәріханасының қызметкері сувенирлі ақшаны арнайы құрылғымен тексеріп алмағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша күдікті ұсталды. Қазір ҚР қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалды. Алдын ала тергеу әрекеттері жүргізілуде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему