Маңғыстаулық өртсөндірушілер қан тапсыру науқанына атсалысты
Курс валют в Актау
на 26/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
26 Декабря, 18:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өртсөндірушілер қан тапсыру науқанына атсалысты

2 Июня 2020 (09:26) | 1579 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері қан тапсыру науқанына қатысты.

 

 

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық қан орталығында қан алу жүргізілді. Науқанның бастамашылары Қызмет психологтары өрт сөндірушілерді терезеден құлап түскен кішкентай қызға шұғыл түрде қан қажет екендігі туралы хабардар етті. Қызметкерлердің кей біреуі алғаш рет қан тапсырып отыр, ал біреулері тіпті тұрақты донор болып табылады. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

 

 

 

-Игі істің арқасында, біз аяушылықты білдіру мен ортақтастық арқылы мейірімділікті үйренеміз. Адам қан алу пунктіне басқаларға көмектесу деген жалғыз ықыласпен ғана барады. Кейбір адамдар үшін донорлардың қаны сауығудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады, – дейді Қызметтің бас маман-психологы азаматтық қорғау майоры Кенжигалиева Нұрлыгүл. Облыстық қан орталығының қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі қан тапсырушы донорлардың денсаулығы үшін де пайдалы екенін атап өтті.

 

 

 

Статистика бойынша, өмір бойы қан құюға қажеттілік жер шарының әрбір үшінші тұрғынында пайда болады.

 

 

Суретті түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему