Дәрігерлерді жаппай оқыту айлығы басталды
18 Мая 2017 (17:28) | 1863 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында медицина қызметкерлерін кешенді оқыту айлығы басталды. Аймақтың барлық дәрігерлері бір ай бойы кезекпен біліктіліктерін шыңдайды. Шара облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Еліміздің жетекші ғылыми орталықтарының мамандары маңғыстаулық әріптестеріне дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізеді.
Бүгіннен бастап облыстық ауруханада урологтар, офтольмолог, хирург пен кардиохирургтар тәжірибе жинақтауға кірісті. Астана мен Алматыдан келген профессорлар лапроскопиялық әдіспен ота жасаудың қыр-сырын үйретіп жатыр. Білікті мамандар кешелі бері күрделі 6 операция жасады. Асқазанға, өңешке, ішек жолдарына тіліксіз жасалған оталар сәтті өтті. «Дәрігерлерді жаппай оқыту шарасының басты мақсаты – халыққа жоғары медициналық көмек көрсетуді жетілдіру»,-дейді ұйымдастырушылар.
НҰРЛАН МҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСШЫСЫ:
-Осы айлық аясында біз травматология және ортопедия ғылыми орталығының, нейрхирургия орталығының, кардиохирургия орталығының, Сызғанов атындағы ғылыми орталықтың мамандарын күтудеміз. Ғылыми орталықтың мамандары кесте бойынша келіп, 32 ота жасалады деп жоспарлап отырмыз. Операцияға сұраныс бұдан да көп болуы мүмкін. Айлық барысында күрделі операцияны қажет ететін науқастар саны артуы мүмкін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему